«АБАЙ ЖОЛЫ» КӨП ПӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ


«EL-QURYLYS INVEST» компаниясы қазақ ұлтының мақтанышы, Ұлы Дала елінің біртуар тұлғасы, әлемдік деңгейдегі ойшыл-ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласының оң жағалауындағы Абай даңғылы мен Б. Бейсекбаев көшесінің қиылысына «АБАЙ ЖОЛЫ» көп пәтерлі тұрғын үй және бизнес орталығы  кешенін жобалауды бастады.

Көп қабатты тұрғын үй кешенінің атауы неге «Абай жолы» деп аталды? Біріншіден, бұл кешен жобасы Абай даңғылының бойына салынады.  Екіншіден, бұл елордамыздағы қазақтың ұлттық коды мен болмыс-бітімін танытатын нағыз қазақы стильдегі тұрғын үй кешені болады. Үшіншіден, дүниежүзінің көптеген қалаларында кітап формасында салынған үй кешендері бар және бұл академик-жазушы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» кітабына деген құрмет. Төртіншіден, «Абай жолы» тұрғын үй кешені – Қазақстандағы жалғыз әрі бірегей кітап формасындағы кешен. Бесіншіден, бұл кешенді Отанымыздағы ұлттық әдебиет пен мәдениетке қойылған үлкен архитектуралық ескерткіш деп қабылдауға болады. Бір сөзбен айтқанда, «Абай жолы» кешені кітап оқымайтын қоғамның көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігі мен қызушылығын арттыратын заманауи мегажоба болады.

«Абай жолы» көп қабатты тұрғын үй, бизнес орталығы кешенінде пәтерлерден бөлек іскерлік-бизнестік орталық, ұлттық мейрамхана, кітапхана, «Әдебиетшілер үйі» сияқты ұлттық келбетімізді танытатын нысандар орналасатын болады.

«Абай жолы» кешенін Тәуелсіздіктің 30  жылдық мерейтойына «EL-QURYLYS INVEST» жекеменшік компаниясының тартуы деп айтуымызға толық негіз бар.

 

Сіздің жайлы пәтеріңіз

«АБАЙ ЖОЛЫ» тұрғын үй кешені тұрғындарға үйге орналасудың жақсы таңдауларын ұсынады: эргономикалық 1 бөлмелі пәтерден кең 3 бөлмелі пәтерге дейін. Барлық пәтерлерде екі қабатты кең терезелерімен және кең балконымен жоғары төбелері бар.

  • 1 бөлмелі пәтер: 39 м2
  • 2 бөлмелі пәтер: 69 м2
  • 3 бөлмелі пәтер: 94 м2

«АБАЙ ЖОЛЫ» тұрғын үй кешенінің артықшылықтары

  • Төбенің биіктігі – 3 м, бірінші және соңғы қабаттарда – 3,3 м
  • IP – домофон
  • Электрондық құлып
  • Екі деңгейлі тұрақ
  • Пәтерлерді алдын-ала әрлеу
  • Жабық аула
  • Күзет бөлмесі бар тәулік бойы бейнебақылау

ҚҰРЫЛЫС КЕЗЕҢДЕРІ

Нысан дайындылығы

0%

Дайын пәтерлер

0%

Дайын коммерциялық алаңдар

0%

Дайын көлік тұрақтары

0%

ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ

ЖОБАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

«АБАЙ ЖОЛЫ» тұрғын үй кешенінің сипаттамасы

Заманауи тұрғын үй кешені

«Абай жолы» тұрғын үй кешені өзінің қазіргі заманғы архитектурасымен, жасыл саябақтары мен бульварларымен оң жағалаудың дамыған ауданында орналасқан. Біздің тұрғын үй кешені іс-шаралардың орталығында жүріп үйреніп қалған заманауи адамдарға арналған.

Заманауи қасбет

  • Монолитті темірбетон қаңқасы
  • Үш қабатты шыны және алты камералы профильді металлопластикалық терезелер
  • Газдалған блокты қабырғалар
  • Еуропалық витраждардан жасалған алюминий терезелер
  • Желдетілетін қасбет