EL-QURYLYS INVEST БІЛІКТІЛІГІ

«EL-QURYLYS INVEST» ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ҚҰРЫЛЫСЫ НАРЫҒЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ-ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫ.

Біздің компанияның мақсаты – тұрғын үй құрылысындағы инвестициялық жобаларды іске асыру, соның ішінде аймақты таңдап және жобалап тұрғын үйді қол жетімді бағамен пайдалануға беру.

EL-QURYLYS INVEST атына, қызметкерлерге берілген рұқсат қағаздар мен біліктілік құжаттары көптеген қызметтерді, соның ішінде: жобалау жұмыстары және құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға мүмкіндік береді.

Компанияның ұжымы ең ауқымды және керемет жобаларды жүзеге асыруға қабілетті білікті кадрларға ие. Қазақстандық және халықаралық компаниялармен ұзақ мерзімді серіктестіктер құрылды. Сол арқылы компания үлкен тәжірибе жинап, нарықтағы орнын қалыптастырып серіктестер арасында үлкен сенімге ие болды.