ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖАЙЛЫ КОМПАНИЯНЫҢ САЯСАТЫ

EL-QURYLYS INVEST инвестициялық-құрылыс компаниясында еңбек қауіпсіздігі мен денсаулық сақтау жүйесі қолданылады

Басқару жүйесін енгізудің мақсаты – әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерді ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың оңтайлы тәжірибесін сақтау.

  • еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйесін үнемі жетілдіру;
  • жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша барлық іс-шараларды жүзеге асыру;
  • компания қызметкерлерінің денсаулықтарына зиян тимейтіндей, жұмыс және жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті білім мен дағдылардың болуы;
  • қауіпті жағдайларды анықтау, қауіп-қатерлерді барлық деңгейлерде бағалау және басқару, ұйымдастырушылық-техникалық шараларды орындау, жеке қорғану құралдарын қолдану арқылы жарақаттанудың алдын алу және жұмысшылардың денсаулығының нашарлауының алдын алу;
  • қызметкерлерді қауіпсіздік саласында оқыту;
  • компания қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу.

Еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйесі – бұл компанияны басқарудың жалпы жүйесінің бір бөлігі, ол еңбекті қорғау процестері мен өндірістік тәуекелдерді басқаруды тиімді ұйымдастыру арқылы қызметкерлер өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйесінің сертификаты еңбек шарттарының халықаралық стандарттарға сәйкестігін растайды.